Аймақтар • 25 Наурыз, 2022

«Саран» шахтасында шахтер мерт болды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 наурызда Қарағанды облысында орналасқан «Саран» шахтасында тау-кен қазындысын шығару кезінде шахтер мерт болды. Полиция тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Саран» шахтасында шахтер мерт болды

Бұл жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.

«Саран» шахтасында жапсарлас тау жыныстарындағы жұмыстарды орындау кезінде кен массасының төбе жабыны мен кенжардың шығып кетуі орын алып, салдарынан шахтер қайғылы түрде қаза тапты», делінген «Қорғау» көміршілер кәсіподағы жариялаған хабарламада.