«Өзім де бапкер болдым. Бұл жұмыстың өте қиын екенін түсінемін. Дидье Дешамның жұмысын дұрыс бағалаймын. Ол шын мәнінде өзінің мықты бапкер екенін дәлелдеді. Жаттықтырушы ретінде әлем чемпионатын жеңіп алды. Қазіргі Франция құрамасының құрамын менен жақсы біледі. Егер Франция футбол федерациясының басшысы болғанымда, мен Зинедин Зиданды бас бапкер қызметіне тағайындар едім. Зидан да өте мықты бапкер екеніне күмәнім жоқ. Әрине, кіл жұлдыздар жиналған Франция құрамасын жаттықтыру қиын. Бірақ Зидан олармен мықты жұмыс істей алады», деді Мишель Платини RMC Sport-қа берген сұхбатында.
Үш дүркін «Алтын доп» сыйлығының иегері, футбол әлемінің аңызы Мишель Платини Зинедин Зиданның Франция ұлттық құрамасын жаттықтырғанын қалайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Аймақтар • Бүгін, 00:23
Аяздан бетті қалай қорғау керек
Денсаулық • Кеше
Қазақстанның басым бөлігінде боран тұрып, тұман түседі
Ауа райы • Кеше
Қазақстанда жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қоғам • Кеше
Ұлттық ұлан жаңа технологияны меңгереді
Аймақтар • Кеше