Пікір • 28 Наурыз, 2022

Саяси реформаларды қолдаймыз

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мен Жоғары Мәртебелі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауымен үлкен қызығушылықпен танысып шықтым. Осы орайда пікірімді білдіргім келеді.

Саяси реформаларды қолдаймыз

Саяси өмірді реформалау басым бағыт болуы керек. Бұл орайда Пар­ламент рөлінің күшеюі, ашық сайлаулар (билік органдары тіке­лей таға­йын­дайтын сайланба­лы лауа­­зым­ды тұлғалардың аз болуы), аза­мат­тық қоғам пікірін біл­діру кеңіс­тігі кеңейгені абзал. Сон­дай-ақ Үкі­мет қоғам алдында ашық, Пар­­ла­мент алдында жауапты болуы керек.

Елдегі елеулі саяси эволюциясыз Қазақстанның халықаралық аренаға нақты шығуы мүмкін емес. Сайып келгенде, саяси ұйымдасу режімін елеулі түрде қайта қарап, азаматтық қоғамға еркіндік берілмейінше, нақ­ты мақ­саттарға қол жеткізу қиын. Бү­­гінде Қазақстанда осы бағыт­тағы ре­фор­малар іске асуда. Олар Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаевтың іс-әре­кетіне бағыт-бағдар беріп тұрған­дай, біз оны тек құттықтап, осы ба­ғыт­тар бойынша қолдау көр­сете аламыз.

Қазақстанда барлығы жақсы болады деп үміттенемін.

 

Паскаль ЛОРО,

Шуазель институтының құрушысы әрі президенті (Франция)