Спорт • 28 Наурыз, 2022

Клубтық чемпионат өтеді

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-30 сәуір аралығында Семейде во­лей­болдан әйелдер арасындағы Азия­ның клубтық чемпионатының жалауы желбірейді. Оған сары құр­лықтың ең үздік алты командасы қа­тысады.

Клубтық чемпионат өтеді

Ертістің жағалауында өтетін жарыста Қазақстанның намысын Өскеменнің «Ал­тайы» мен Петропавлдың «Қуанышы» қорғайды. Бұл клубтардың екеуі де мықты. «Алтайдың» алты дүркін ел чемпионы, төрт дүркін ел кубогы мен суперкубогының иегері деген атақтары бар. Жоғарыдағы белестердің барлығын олар 2016-2022 жылдар аралығында бағындырды. Былтыр Таиландта өткен Азияның клубтық чемпионатында алдарына жан салмаған өскемендік арулар алтыннан алқа тақты. Ал кілең қазақстандық волейболшылардан жасақталған «Қуаныштың» да қазіргі қарқынына көңіл толады.

«Алтай» мен «Қуаныштан» бөлек, атал­ған жарыста Иранның Barij Essence, Таиландтың Diamond Food-Fine Chef Sport Club, Өзбекстанның Jizzakh State Pedagogical Institute және Жапонияның JT Marvelous клубтары өз өнерлерін ортаға салады.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10