Спорт • 28 Наурыз, 2022

Душанбеде дара шықты

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Тәжікстанның бас шаһары – Душанбеде шосседегі велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетуде.

Душанбеде дара шықты

Чемпионаттың алғашқы күні құрамында Евгений Федоров, Игорь Чжан, Юрий Натаров және Евгений Гидич сынды велошабандоздар бар ерлер командасы 24 шақырымдық қашықтықты 26 минут 48.933 секундта жүріп өтіп, бас жүлдені олжалады. Күміс пен қола медальды Моңғолия мен Иранның спортшылары иеленді. Әйелдердің командалық сайысында отандастарымыз мәре сызығын екінші болып қиып өтті. Бұл бәсекеде Қазақ елі намысын Рината Сұлтанова, Фаина По­тапова, Махаббат Үмітжанова және Ан­жела Соловьева қорғады. Біздің қыздар Өзбек­стан­ды алға жіберсе, ирандықтар үшінші орынды қанағат тұтты.

Жекелеген сайыста 15 шақырымдық межені 20 минут 54.601 секундта бағындырған Дария Қазақбай күміс медальды мойнына ілді. Қазақ қызы өзбекстандық Анна Кусковадан ғана қалып қойды. Жасөспірімдер арасындағы жарыста Алексей Ваганов топ жарды. Сондай-ақ паравелоспорттан өткен сайыста Кенжеқұл Сейітжан мен Мақсат Қадыров та үшінші сатыға табан тіреді.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10