Өнер • 28 Наурыз, 2022

Бірлік пен берекені бейнелеген...

212 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы «Астана Суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті» атты көрме өткізді.

Бірлік пен берекені бейнелеген...

Мазмұнды іс-шараның мақ­саты − мәдениетаралық және дінаралық диалогты нығайту, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің идеяларын, толеранттылық қағидаттарын, сондай-ақ қоғамдағы рухани және моральдық-адамгершілік құндылықтарды ілгерілету.

Көрмеге У.Исмаилов, Г.Жұр­­қабаева, Е.Айтуаров, М.Бай­­­те­нов, Т.Батанов, Б.Ари­пов, И.Ачи­лов, Д.Нөгер, С.Ермеков, Ж.Қайрат, А.Сыр­ғабаев, Ә.Байдина, С.Ысқақбек, Н.Қабен, Ж.Сүлейменова, Н.Ки­­кимова, А.Қадырбаева, М.Байшуақова, В.Ли, М.Бақыт­жан, А.Алпысбаева, Л.Ай­туарова секілді жалпақ елге танымал қылқалам шеберлерінің жұмыстары қойылды.

Суретшілер туындыларында әртүрлі халықтардың өмірін, тұрмысын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, табиғаттың әсем­дігі мен ұлылығын, жаңа­руды, бірлік пен берекені бей­нелейтін көктем мерекесі − Наурыздың басталуын бояу сырымен көр­кем жеткізген.

Іс-шараға Орталықтың бас­қарма төрағасы Б.Сәр­сен­баев, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Е.Оңғаров, Успен кафедралды соборының, Қа­зақстан Православие шір­­кеуінің Астана шіркеу окру­гінің протоиерейі Д.Бай­дек, Нұр-Сұлтандағы әулие Ма­рия­ның Рим-Католик Ар­хиепархиясының архиеписко­пы Т.Пэта, сондай-ақ Өзбек­станның, Тәжікстанның, Түр­кияның, Әзербайжанның, Қыр­ғызстанның және Грузия­ның Қазақстандағы шетел дипломатиялық өкілдік­тері­­­нің қызметкерлері қатысты.

Басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бір алаңда түрлі конфессиялар мен этнос өкілдерін біріктіре отырып, біз ортақ күш-жігерімізбен қазақстандық қоғамдастықта бейбітшілік, келісім және ынтымақтастық идеяларын нығайтуға үлес қоса алатынымызды атап өтті. Сонымен қатар Б. Сәрсенбаев елордалық Суретшілер одағымен бірлесіп, таяуда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне балалар арасында толеранттылыққа, бейбітшілік пен келісімге деген олардың көзқарасы тақырыбында байқау жарияланатынын айтты.