Қоғам • 28 Наурыз, 2022

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы екі есе өсті

4630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 13,6 триллион теңгеге жетті. Бұл ретте екі айдағы инвестициялық табыс 522 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы екі есе өсті

«Зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсімі таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді. Ол 2022 жылдың 1 қаңтарынан 1 наурызына дейін шамамен 522,3 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткішінен екі есе немесе 304,4 млрд теңгеге артық», делінген БЖЗҚ хабарламасында.

Ұлттық банктің басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кіріс 2022 жылдың басынан бастап 4%-ды, инфляция 1,5%-ды құрады. Бұл ретте соңғы күнтізбелік 12 айда кіріс 13,65%-ды, осы кезеңдегі инфляция кезінде 8,7%-ды құрады.

Еске сала кетсек, инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістер, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі кірістер, валюталық қайта бағалау түріндегі кірістер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және басқалары кіреді.

Жалпы, барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 6,6 трлн теңгені құрады.

«Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданыла бастаған кезден бастап 2022 жылғы 1 наурызға дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің нақты кірісі 155,90%-ды құрады», дейді БЖЗҚ баспасөз қызметі.