Білім • 28 Наурыз, 2022

Дарының мен арының сынға түскен BILIM Hackathon

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда колледждер мен университеттер студенттері арасында «BILIM Hackathon-2022» IT байқауы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дарының мен арының сынға түскен BILIM Hackathon

Жарысқа қатысуға еліміздің барлық өңірінен 107 команда өтініш берді. 230 студенттен құралған 72 команда финалға жолдама алды.

Білім және ғылым министрлігі, Daryn.Online білім беру платформасы, BTS Education, EDUS және Mail.kz сынды отандық IT компаниялар ұйымдастырған жарыстың жүлде қоры 3,5 миллион теңгені құрады.в

Қазылар алқасының шешімімен Nazarbayev University және Astana IT University студенттері жеңімпаз атанды. Екінші орынды Назарбаев университетінің тағы бір командасы жеңіп алды. Үшінші орын Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің, Suleyman Demirel University және Astana IT University студенттерінен құралған командасына бұйырды.

Жеңімпаз студенттер қаржылай сыйлықпен қоса, Daryn online, BTS Education, EDUS және Mail.kz сияқты танымал IT-компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар кейбір цифрлық шешімдер өз инвесторларын тауып үлгерді.