Қаржы • 29 Наурыз, 2022

Коллекторлық агенттіктердің жарғылық капиталы көбейді

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Сыртқы коммуникациялар басқармасы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап коллекторлық агенттіктердің жарғылық капиталының 10 млн теңге сомасындағы ең төмен мөлшері енгізілгенін хабарлады.

Коллекторлық агенттіктердің жарғылық капиталы көбейді

Еске салайық, коллекторлық агенттіктердің орнықтылығын қамтамасыз ету үшін 2021 жылы «Коллекторлық қызмет туралы» Заңда коллекторлық агенттіктердің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері туралы норма белгіленген.

«Нарықты шоғырландыру және коллек­тор­лық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылғы 22 ақпанда жұмыс істеп тұрған коллекторлық агенттіктер үшін жарғылық капиталдың мөлшерін кезең-кезеңмен арттыруды көздейтін агенттік басқармасының №8 қаулысы қабылданды: 2022 жылғы 1 шілдеден бастап – 30 млн теңге, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50 млн теңге. Бұл ретте жаңадан ашылған коллекторлық агенттіктер үшін жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері 50 млн теңгені құрайды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жарғылық капиталға қойы­латын ең төмен талаптарды орындамаған кол­лек­торлық агенттіктерге қатысты Агенттік олар­дың қызметін тоқтату бойынша жұмыс жүргі­зуде.