Аймақтар • 29 Наурыз, 2022

Таразда оңалту орталығы салынуда

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралап, жөндеу-құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда оңалту орталығы салынуда

Өңір басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында 14 шағын аудан аумағында 150 орындық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының құрылысы жүргізілуде.

Ғимарат бірнеше блоктан тұрады бірінші блокта бассейн, киім ауыстыратын бөлме, спорт және көрермендер залы, екінші блокта - медициналық кабинеттер, үшінші блокта - асхана, қалған блоктарда - екі орындық және бір орындық палаталар орналасқан.

Сонымен қатар, мұнда көкөніс қоймасы, жылыжай, слесарлық шеберхана және басқа да цехтар салынады.
Мердігер «Таразстрой-2004» жұмыстарын 2022 жылдың қараша айында аяқтауды жоспарлап отыр.

«Ересектер үшін де, балалар үшін де барлық жағдайды жасау қажет. Бұл орталықта ерекше қажеттіліктері бар адамдар мамандардың сапалы қызметтерін алатын болады», деді Бердібек Сапарбаев.