Футбол • 29 Наурыз, 2022

ҚФФ-ның төрешілік және инспекторлық комитетінің басшысы сайланды

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 наурызда футбол үйінде OLIMPBET Қазақстан Чемпионатында қызмет ететін төрешілердің кеңесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz федерацияға сілтеме жасап.

ҚФФ-ның төрешілік және инспекторлық комитетінің басшысы сайланды

Отырысқа Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов та қатысты.

Әділ қазыларға ҚФФ-ның төрешілік және инспекторлық департаментінің жаңа басшысы – Александр Перемитин таныстырылды. Жаңа басшыға төрешілік корпустың жетекшісі Хуан Антонио Маринмен бірлесіп, осы салада даму үшін қызмет сапасы мен жас қазылардың дайындығын жақсарту жөнінде алдағы уақытқа жоспар құру жүктелді.

Комитеттің бұрынғы басшысы Руслан Дүзмамбетов VAR жобасының нұсқаушысы ретінде жұмыс атқаратын болады. Бұл жоба OLIMPBET-Чемпионатында осы жылдан бастап іске асырыла бастады және оны дамыту мен төрешілерді оқыту жұмыстары алда да жүзеге асырылып отырады.

Сонымен қатар отырысқа ҚФФ бас хатшысы Олжас Абраев пен төрешілік корпустың басшысы Хуан Антонио Марин қатысты.