Аймақтар • 29 Наурыз, 2022

ШҚО-да бірқатар жол жабылды

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне орай бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz

ШҚО-да бірқатар жол жабылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалуы мүмкін.

«Бүгін сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының 7-66 (Ушанов кенті мен Серебрянск қаласына дейінгі аралық) және 420-450 (Берел ауылынан Рахман қайнары санаториіне дейінгі жол) шақырымдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынады», делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.