Аймақтар • 31 Наурыз, 2022

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

836 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының құтқарушылары облыс тұрғындарын қар басқан беткейлерге шықпауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Ведомствоның мәліметінше, Алматы облысының таулы аймақтарында 1-4 сәуір аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды, туристерді және демалушыларды қар көшкінінің болуына байланысты қар басқан беткейлерге шықпауға, сондай-ақ таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шаралары мен тәртіпті сақтауға шақырады.

Алматы облысының аумағында 109 көшкін қаупі бар учаскелер бар, олар Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Сарқан және Ескелді аудандарында, сондай-ақ Текелі қаласында, Іле - Алатау жотасының оңтүстік беткейінде және Жетісу Алатауының солтүстік жотасында орналасқан», деп хабарлады ТЖД.