Әлем • 31 Наурыз, 2022

FDA темекі қыздыру жүйесінің адам ағзасына әсері қандай

599 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкадағы азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық бақылау жөніндегі басқарма (FDA) танымал темекі қыздыру құрылғыларының бірі дәстүрлі темекіге қарағанда адам денсаулығына аз әсер етеді деген тұжырымды растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

FDA темекі қыздыру жүйесінің адам ағзасына әсері қандай

Бұл туралы Philip Morris International сайты мәлімет таратты. Осылайша FDA темекі қыздыру жүйесін адам ағзасына төмен әсер ететін темекі өнімі ретінде сатуға рұқсат берді. 2020 жылы осы желі өнімінің кейінгі шыққанын FDA американдық нарықта ағзаға әсері төмендетілген алғашқы темекі өнімі ретінде сатуға рұқсат берген еді. Ғылыми зерттеулер пакетін мұқият зерттегеннен кейін Басқарма төмендетілген әсер туралы қарар шығару қоғамдық денсаулық сақтауды алға жылжыту мүдделеріне сәйкес келеді деген қорытындыға келді.

«Рұқсат - қарапайым темекіден қыздыру жүйесіне толық көшу ағзаға зиянды немесе ықтимал зиянды химиялық заттардың әсерін едәуір төмендететінін көрсететін ғылыми дәлелдердің барлық пакетін зерттеуге негізделген. Бұл ақпарат тұтынушыларға ғылыми негізделген таңдау жасауға көмектесу үшін жеткізілуі тиіс. Ересек темекі шегушілердің темекіден ғылыми негізделген, ең жақсы баламаларға ауысуы қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды мүмкіндігі болып табылады», деп атап өтті FDA.

FDA тұжырымы балама түрі дәстүрлі темекіден түбегейлі ерекшеленетінін растайды. Сондай-ақ қазіргі темекі және никотин бар өнімдер бірдей емес екенін айғақтайды.