Аймақтар • 02 Сәуір, 2022

БҚО-ның тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін


Көктемгі су тасқынына байланысты Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-ның тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

Бөрлі ауданы әкімдігінен мәлім еткендей, төтенше жағдайларды жою бойынша аудандық штаб құрылып, қауіпті аумақтарда тәулік бойы жұмыстар жүргізілуде.

Қызылтал ауылының тұрғындары үшін үйлері суға кету қаупі төнген жағдайда Ақсай қаласындағы 7-орта мектепте тәулік бойы эвакуациялық қызмет орталығы ұйымдастырылды.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты 8-705-447-09-19 нөмірі арқылы жедел желіге хабарласуға болады.