Аймақтар • 02 Сәуір, 2022

СҚО-да жол апатынан тоғыз адам көз жұмды

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 201 мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да жол апатынан тоғыз адам көз жұмды

Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, соңғы екі жағдайда жүргізушілер мас күйінде ғана емес, көлік жүргізу құқығынан да айырылған екен.

Мәселен, Есіл ауданы Явленка ауылының 26 жастағы тұрғыны, түн ортасында ауылға мас сапарға шығуды ұйғарған. Мас адамды учаскелік полицей байқаған. Өткен жылдың қаңтарында ол бес жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.

Петропавл қаласының тұрғыны да көлікті есірткіге мас күйінде жүргізген. Өткен жылы 35 жастағы қала тұрғыны да жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Енді оларға «Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберілуі» қылмыстық бабы бойынша жаза қолданылуы тиіс. Оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды және өмір бойы басқару құқығынан айыруды көздейді.

«Жыл басынан бері облыс жолдарында 33 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 9 адам қаза тауып, 45 адам жарақат алды. 14 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды», деді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.