Ауа райы • 03 Сәуір, 2022

3 сәуірге арналған ауа райы болжамы

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстанның басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің солтүстігінде, батысында және оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

3 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, найзағай болжанады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болжанады, өңірдің батысында, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 23 м/с дейін жетеді.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай ойнап, батысында, солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 23 м/с дейін артады. Оған шаңды дауыл қосылады.

Атырау облысының шығысында, күндіз батысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.

Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болжанады.