ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, оқиға бүгін сағат 16:33-те Восточный кентінде орын алған.
Суретке түспек болған 23 және 24 жастағы екі қыз Ертіс өзеніне барып мұз астына құлап кеткен.
«Жақын жерде болған Әли Тораев көмекке келіп, 1998 жылы туған қызын құтқарып үлгерді. Алайда ер адам екінші туысқан қызға көмек қолын созып үлгермеген. Құтқарушылар судан оның денесін алып шықты», делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.