Ауа райы • 04 Сәуір, 2022

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады

Тек батыста, оңтүстік-батыста және солтүстік-батыста фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста найзағай, шаңды дауыл күтіледі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с екпінде жел соғады, күші 23-28 м/с дейін артады. Өңірдің шығысында тұман болады.

Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде 15-20 м/с екпінде жел соғады. Күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрып, өңірдің солтүстігінде найзағай ойнайды.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең өңірдің оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының Алакөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Өңірдің солтүстігінде тұман болжанады.

Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең өңірдің оңтүстігінде тұман түседі.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с артады.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел күшейеді.