Тағайындау • 05 Сәуір, 2022

Жайна Сламбекқызы жаңа қызметке тағайындалды

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап Жақсылықова Жайна Сламбекқызы «Хабар» арнасының директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жайна Сламбекқызы жаңа қызметке тағайындалды

Жайна Сламбекқызы 1974 жылы 12 қарашада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін аяқтаған. 

Еңбек жолын университет бітірген 1996 жылы жазда «Хабар» агенттігінде тілші болып бастаған. 2014 жылдың ақпанына дейін комментатор, атқарушы продюсер, тележүргізуші, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді. 

2014 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Астана» телеарнасында «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды. 

2019 жылдан бері «Apta» бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі болып келді. 

Жайна Сламбекқызы - Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты (1999 ж). Отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Президенті сыйлығымен марапатталды (2019 ж), сонымен бірге «Тұмар» ұлттық телевизия сыйлығының иегері (2020 ж).