Қазақстан • 06 Сәуір, 2022

Энергетика министрі Каспий мұнай құбырының апаттан кейінгі жағдайын айтты

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Мәжіліс кулуарында Каспий құбыр консорциумындағы апаттан кейінгі жағдайдың қалай болып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Энергетика министрі Каспий мұнай құбырының апаттан кейінгі жағдайын айтты

«Егер 10-15 сәуірге дейін жөндеу жұмыстары аяқталатын болса, онда ол олжаға айтарлықтай әсер етпейді. Егер бұл жұмыстар тағы бір айға созылса, сәйкесінше, шығындар да болады. Шын мәнінде, бізде жыл басында асыра орындау қоры болған. Сондықтан бізде сәуір айының ортасына дейін шығын болмайды деп ойлаймын», деді Болат Ақшолақов.

Еске сала кетсек, 20 наурызда 5 балдық дауыл кезінде күшті жел үш жүзбелі шлангінің бірін зақымдаған болатын.

Кейінірек КҚК дауылдан кейін екінші жылжымалы айлақ құрылғысының (ВПУ-2) зақымдалғаны туралы хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024