81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай жартылай финалда жергілікті спортшымен кездесті. Отандасымыз Таиланд спортшысы Анавата Тонгкатокты екінші раундта жарыс жолынан ығыстырды.
Айта кетсек, аталған халықаралық бәсекенің жартылай финалында Қазақстан құрамасынан тағы алты спортшы жұдырықтасады.