Қазақстан • 06 Сәуір, 2022

Қазақстандық шахматшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Egemen.kz Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық шахматшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

Ведомство мәліметінше, 17 жасында ең жас әлем чемпионы атанған Бибісара осы ұйымның арнайы сертификатына ие болған.

«Қазақстандық Бибісара Асаубаева (2004 жылы 26 ақпанда дүниеге келген) - блицтен әйелдер арасында ең жас әлем чемпионы. Бибісара 2021 жылғы 30 желтоқсанда Польшаның Варшава қаласында блицтен әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында 17 жасында жеңіске жетті», делінген ресми құжатта.

Еске салайық, бұған дейін 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанғаны хабарланған болатын.