Аймақтар • 07 Сәуір, 2022

Мықтылар марапатталды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада жоғары оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында бокстан облыстық ашық біріншілік аяқталды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ұйымдастырған шараға облыстық білім, денешынықтыру және спорт бас­қармалары, қалалық мәслихат қолдау танытты.

Мықтылар марапатталды

Төрт күнге созылған біріншілік жеңімпаздарын марапаттау салтанатын­да университеттің басқар­ма төрағасы – ректоры Бей­біткүл Кәрімова 2005 жылы ашылған бокс үйірмесі талантты жастардың топ жаруына мүмкіндік бергенін атап өтті.

– Бокстан Токио олим­пиа­­­дасының жүл­де­гері Қамшыбек Қоңқабаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері, кәсіпқойлар ара­сында бірінші орта сал­мақта WBC International тұжырымдамасының чем­пионы Тұрсынбай Құ­лахмет, Азия чемпионы Нұр­лан Мәсенов университет мақтанышы, – деді Бейбіткүл Сәрсем­хан­қызы.

Облыстағы білім беру ұйымдарынан 16 салмақ дәрежесінде 16 команда қатысқан біріншілікте жал­пыкомандалық есеп бойынша Қорқыт ата атын­дағы Қызылорда универ­ситеті спортшылары 29 ме­даль еншілеп, бі­рін­ші орын тұғырынан кө­рінді. Жалаңтөс Баһадүр атын­­дағы олимпиадалық ре­­зервтің облыстық ма­ман­­дан­дырылған мектеп-интернат-колледжі ко­ман­-

дасы ІІ орын, Бола­шақ университетінің командасы ІІІ орын иеленді.

Спорттық шарада әлем чемпионатының қола жүл­дегері Тұрсынбай Құлах­мет университеттің «Үздік түлек» медалімен марапатталды.

 

ҚЫЗЫЛОРДА