Алматы, Нұрсұлтан, Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Қарағандыға ұшатын рейстердің операторы ретінде Ресей авиакомпаниясы әрекет етеді. Рейстер отандық Superjet 100 ұшақтарында орындалатын болады. Сайтта атап өтілгендей, Қазақстанға ұшудың қолданыстағы кестесі авиакомпанияның сайтында орналастырылған. Басты бетте Қазақстанның 11 қаласына ұшуды таңдауға болады.
7-22 сәуір аралығында Ақтау, Атырау және Ақтөбеден Сочиге жоспарланған әуе рейстері тоқтатылады. Ал 23 сәуірден бастап Сочи мен Алматы, Нұр-Сұлтан арасындағы ұшақтар ұша бастайды.
Бұған дейін ресейлік авиакомпания 25 наурыздан бастап Сочиден Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау және Нұр-Сұлтан қалаларына рейстердің іске қосылатынын хабарлаған болатын.