ТАСС деректері бойынша, індет жұқтырғандардың ең көп саны Цзилиннің солтүстік-шығыс провинциясында – 890 және Шанхайда – 322 адам тіркелген.
«1 323 адамда COVID-19 белгілері расталды. Оның ішінде 39 адам ҚХР-ға шетелден келген, 1 284 жағдай ел ішінде анықталған», делінген ҚХР гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарламамында.
Қалған 21 784 адам - аурудың симптомсыз тасымалдаушылары.