Қазақстан • 07 Сәуір, 2022

Француздар Қазақстанның АЭС салу жоспарына қызығушылық танытты

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» АҚ мен француздық Орано Қазақстандағы атом өнеркәбі саласын дамыту мәселесін талқылады. Бүгін Нұр-Сұлтанда компания басшыларының кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Француздар Қазақстанның АЭС салу жоспарына қызығушылық танытты

Келіссөздердің негізгі тақырыбы еліміздің оңтүстігінде уран өндіретін KATCO бірлескен қазақстандық-француз кәсіпорнының жұмысына арналды. Цифрландыруды барынша жетілдіріп, шешім қабылдау процесін жеңілдету қажеттілігі атап өтілді. Орано аймақта KATCO өнеркәсіптік нысандарын пайдалану үшін 12 МВт күн электр станциясын салуды ұсынады. Бұл «Самұрық-Қазына» АҚ төмен сатылы көміртекті игеруге арналған жоспарына толық келетін жоба.

Сонымен қатар тараптар күкірт қышқылын өндіру жобасын жүзеге асыру перспективаларын, сондай-ақ Ораноның шетелдік жобаларына бірлескен инвестиция тарту мүмкіндіктерін де талқылады.

Француз тарапы Қазақстанда таза энергия көзі ретінде атом электр станциясын салу жоспарына үлкен қызығушылық танытты.

«Қазір бұл бастама пысықталуда, соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Қалай болғанда да, біз энергия көздерін әртараптандыруға және теңгерімді энергетикалық тұрақтылықты құруға ниеттіміз. Мақсатымыз ядролық қана емес, сонымен бірге газ және жаңартылатын қуат көздерін дамыту», деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.