Қоғам • 07 Сәуір, 2022

Қираған нысандарды қалпына келтіруге тағы 10 млрд теңге бөлінді

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева қаңтар оқиғасында зардап шеккен шағын және орта бизнес субьектілерін қолдауға бөлінетін қаражаттың мөлшері нақтыланғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қираған нысандарды қалпына келтіруге тағы 10 млрд теңге бөлінді

«Қайтар оқиғасының салдарын жоюға 31 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде Алматы қаласы мен өзге өңірлерде зардап шеккен шағын және орта бизнес субьектілеріне 21 млрд теңге қарастырылған», деді Татьяна Савельева Парламентте жаңа заң жобасын таныстыру кезінде.

Айтуынша, жалпы биыл шағын және орта бизнесті қолдауға 45 млрд теңгенің қолдауы көрсетілмек.

Оның 24 млрд теңгесі бүгінге дейін Үкімет резервінен бөлініп қойған.

«Зақымдалған әкімшілік, әлеуметтік, коммуналдық нысандарды, инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге 10 млрд теңге бағыттау ұсынылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, инфрақұрылымды қалпына келтіруге жалпы жиыны 22 млрд теңге қажет. Оның 12 млрд теңгесі Үкімет резервінен бұған дейін бөлінген. Қалған 37 млрд теңге Үкімет резеревінде қарастырылған. Құжаттар дайын болғанда бөлінеді. Алматы қаласындағы Президент резиденциясы мен ғимараттарды сүруге 6 млрд теңге бөлу жоспарланған»,  деді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров журналистерге Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті нақтылау не үшін қажет болғанын түсіндірген болатын.

Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше