Пікір • 11 Сәуір, 2022

Түбегейлі реформа жүргізуге ниетті

594 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы маңызды тарихи құжат екені анық. Шын мәнінде, Қазақстан Президенті республиканың сая­си өмірін қайта құру үшін бүкіл мемлекеттік жүйеге түбегейлі реформалар жүргізуге ниетті.

Түбегейлі реформа жүргізуге ниетті

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Радикалды реформалар кешені Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдан бері ұсынған бастамаларының бір бөлігі болғанымен, бұл Орталық Азиядағы жас мемлекеттің алғашқы отызжылдық ұстанымынан өзгерек көрінеді. Біз бұрын­ғы үлгінің өзгерісін көріп тұрмыз. Әрине, бұл шешімдерді Президент Қ.Тоқаев қаңтардағы қайғылы оқиғаларға байланысты қажет деп тапқан болуы мүмкін. Одан бөлек мемлекетті бүгінгідей саяси және әлеуметтік тұрғыдан алып қараған­да, аса қиын әрі күрделі ғасырда тез өзгеріп жатқан әлеуметтік қиындықтарға жедел бейімделе білетін жүйеге айналдыруды көздеген болуы керек.

 

Тиберио ГРАЦИАНИ,

Vision & Global Trends халықаралық жаһандық талдау институтының төрағасы (Италия)