Қазақстан • 10 Сәуір, 2021

Ғылымға апарар қасиетті жол

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан аумағында ғылыми мекемелер 20 ғасырдың басында пайда болды. Бастапқыда бұл ауыл шаруашылығы және тұқым шаруашылығы ғылыми станциялары болды.

Ғылымға апарар қасиетті жол

1925 жылы Алматыда тұңғыш санитарлық-бактериологиялық ғылыми институт, ал 1926 жылы Қазақстан үшін Ташкентте ашылды, Алматыда болса тұңғыш жоғары оқу орны – Қазақ педагогикалық институты  1928 жылы ашылды.

а

1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақ базасы құрылып, ол 1938 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы болып қайта құрылды, онда 1940 жылдардың басында 100 ғылыми қызметкер, оның ішінде 3 ғылым докторы және 14 ғылым кандидаты жұмыс істеді. Бұл кезеңде республикада 12 жоғары оқу орны, 11 ғылыми-зерттеу және жобалық-технологиялық ұйым, 2 жобалау институты, 2 ауылшаруашылық тәжірибе станциясы, 6 зауыттық ғылыми-зерттеу және коснтуркторлық бөлімдер, Алматы қаласында ботаникалық бақ және зоологиялық саябақ жұмыс істеді.

1946 жылы 31 мамырда «Қазақ КСР Ғылым академиясын құру туралы» қаулы қабылданды.

 

 

Уалтаева А.С. – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы

Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері,

«Fылым Ордасы» Ғылыми кадрларды даярлау орталығының басшысы,

тарих ғылымдарының кандидаты,  ассоциациялық профессор