Аймақтар • 11 Сәуір, 2022

ШҚО-да есірткі тасумен айналысқан 4 адам ұсталды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында гашиш жеткізумен айналысқан 4 адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да есірткі тасумен айналысқан 4 адам ұсталды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицейлер есірткі заттарын жеткізудің екі арнасының жолын кесу мақсатында арнайы операция өткізген.

Бірнеше күн ішінде өңір аумағына канабиоидты есірткіні әкелу мен сатуды ұйымдастырған 30-45 жас аралығындағы 4 ер адам ұсталып, қамауға алынды.