Ұлтымыздың ұлылығын, өткені мен бүгініне өзек болған барша құндылығын, рухани және материалдық байлығын, тарихи тұлғаларымызды айтып мақтанып келеміз. Әрине, бұлардың барлығы мақтануға тұрарлық дүниелер, оған сөз жоқ. Бірақ осылайша құр мақтанудан аса алмай келе жатқанымыз белгілі.

Осы мақтану сезімінен, мақтангершіліктен қандайда бір пайда көре қоймағанымызды ескерер түріміз жоқ. Ісініп, кебініп, күпініп әлі баяғы ескі сарында мақтанумен келе жатырмыз. Ал қазіргі шапшаң өзгерістер кезеңінде мақтанудың да критерийлері өзгеріп кеткенін бағамдар емеспіз.
Қолымыздағы барымызды, ұлтымыздың барша игілігін айтып мақтанудан басқа қолымыздан мардымды іс келе қоймағандықтан оза шапқан өзге жұртқа қызыға, қызғана қарап, олардың шын дүлдүл екенін іштей мойындаймыз. Бұл өз кезегінде жалған мақтанның «ауылының» маңына мықтап тұсалғанымызды аңғартса керек.
Мақтану сезімін тудыратын құндылықтардың заманына сай өзгеріп отыратынын өмірдің өзі көрсетіп беріп отыр. Мақтанса ауыл шаруашылығының өнімдері әлемді жаулап алғандар, озық әрі жаңа технологиясы арқылы бәсекелестерімен жанталаса жарысып, жаһанды өз тауарларына телміртіп қойғандар, ғарышты меңгеріп, әлемнің төбесінен төне жатқан-тұрғаныңа дейін бақылап, бар құпияңды біліп отырғандар, тіпті майда-шүйде бұйымдарын брендке айналдырып, қара базарыңа әмірін жүргізіп тұрғандар мақтансын. Мейлі, өзімізден оқ бойы озып кеткендерді қоя тұралық.
Өзімізбен шамалас, бірақ одан-бұдан құрап, жоқтан бар жасап, тіпті өзгенің жасығын, қоқысын жалма-жан қақшып алып, қажетті бұйым, дүние жасап, оны пұлдап, өз базарын қыздырып отырған елдерге де мақтану жарасады. Ал біздікі не мақтан? «Солардан біздің қай жеріміз кем?» деген сауалға шынайы жауап табатын уақыт келді ғой.
Елімізде өндіріс саласында жылт еткен жаңалық болса қуанып, бір-бірімізден сүйінші сұрап, жерден жеті қоян тапқандай «ойбай не дейсің, біздің елде мынадай бұйым шыға бастапты, анадай зат өзімізде өндірілетін болыпты» деп жатамыз. Мұндай жағымды хабарды сүйіншілеудің астарында халқымыздың ұлы тілегі – өз қолымыз өз аузымызға жетсе, тек шикізатқа тәуелді болмай, өз өнеркәсібіміз өркендесе деген тілегі жатқаны айтпаса да түсінікті. Мемлекет, атқарушы билік халықтың көкейін тескен осынау тілекті орындауға түбегейлі бекінсе дейсің.
Осы арада бір айта кететін жайт, қоғамда «Қазақстанда жасалған» деп жүрген өнімдерге қатысты күмәнді ойлар жетерлік. Бұйымдағы жапсырма қағазда «Қазақстанда жасалған» деп жазылып қойғанымен оның арғы жағында бір шикіліктің барын жұрт біледі. «Отыз жыл бойы халық тұтынатын қарапайым бір бұйымды өзімізде жасай алмадық» деген қоғамдағы ащы да болса шын пікірдің салмағын жеңілдету үшін «жасампаздықпен» ойлап табылған – шетелдерде жасалған бірқатар зат-бұйымға «Қазақстанда жасалған» деген жазуы бар жапсырманы желімдеп қою амалы әжептәуір өріс алды. Бірақ бұл қитұрқылық пен қулықты ел-жұрт біледі. Білгендіктен әлгіндей күмәнді ойларға беріледі. Осындай жағымсыз үрдістен түбегейлі арылудың уақыты келді.
Өтірікпен де өрге басуға болады деген соқыр сеніммен күн өткізу, уақыт ұту, сөйтіп амалдап жылдарды жылжыту заманы өтті. Өтірік уәдеге сендіру, ықтимал жарқын болашақтың елесіне елжіретіп, соны аңсатып үміттендіру, ырғайдай мойыныңды алға создырып жініктіру әдістері енді алдау, арбау құралы бола алмайды деген үкілі үмітіміз алдамас дейміз.
Жалған мақтанмен рух, жан семірткенмен ұлттың еңсесі көтерілмейді. Келешекте ұрпағымыз өзге көшелі жұрттың көшесін сыпырып кетпесін десек, еліміздің аса жоғары мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, өзін өзі сыйлайтын, құрметтейтін ел сияқты уақыт талабына сай іс-әрекеттерге көшу маңызды.
Байлығымыз – шикізатымыз таусылар, таусылмас, мәселе онда емес, мәселенің көкесі өзгеге есе жіберуде, ақы жегізуде, намысты қолдан беріп отырғанымызда ғой. Бүгін күлшелі бала болғанымызбен, ертең астаң-кестеңі шыққан кен орындарының басында мола күзеткендей болып бейшара азалы жандай отырып қалмайық. Басты қауіп осы.
Ертең еліміздің бірнеше өңірінде 38-41 градус ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 19:32
Жібек Құламбаева Сербияда өткен теннис жарысының жеңімпазы атанды
Теннис • Бүгін, 18:31
Алтын-Емел табиғи паркінде жабайы қабандар фототұзаққа түсіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:35
Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:28
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек
Әлем • Бүгін, 14:38
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар