«Кадрлық әлеуетті талдау аудандық ауруханаларда ғана емес, қалалық және облыстық деңгейлерде де кадр тапшылығын көрсетті. Білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын резидентурада клиникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінеді. 2021 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 1500 орын бөлінді, оның ішінде 26 невролог, 200 анестезиолог-реаниматолог, 18 нейрохирург», деді Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында.
Оның айтуынша, медицина кадрларының біліктілік деңгейін арттыру үшін жыл сайын республикалық бюджеттен медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға қаражат бөлінеді. Атап айтқанда 2020 жылы біліктілікті арттырудан 10578 дәрігер өтті, оның ішінде 743 анестезиолог-реаниматолог, 269 невролог, 49 медициналық реабилитолог, 34 нейрохирург.
«2021 жылы жергілікті бюджет шеңберінде шетелде 161 маман оқыды, шетелдің жетекші мамандарының қатысуымен мастер-класстарда 734 адам оқыды, оның ішінде 30 адам «Жұмыс істеудің халықаралық жіктемесі негізінде оңалту диагнозын қоюмен инсульт алған науқастарды оңалтудағы мультидисциплинарлық тәсіл» (РФ), 11 адам «Жұмыс істеудің халықаралық жіктемесі» тақырыбында оқытылды. Биыл «Инсульт кезінде медициналық көмек көрсету» бағыты бойынша 154 дәрігер (невролог, медициналық реабилитолог, нейрохирург) және 220 орта медициналық қызметкер оқыту көзделген», деп түйіндеді сөзін Премьер-Министрдің орынбасары.