08 Сәуір, 2014

Қазақстандық дипломаттың сапары

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанның Иордан Хашимит Корольдігіндегі елшісі және Ливанда елшілік қызметті қоса атқарушы Болат Сәр­сен­баев Ливанда жұмыс сапарымен болды. Сапары аясында дип­ломат Ливан Премьер-министрі Таммам Салямның қабыл­дауында болды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Б.Сәрсенбаев Т.Салямды Пре­мьер-министр лауазымына таға­й­ындалуымен және Ливан­ның жаңа үкімет құрамын сәтті қалыптастырғанымен құт­тық­тады. Қазақстандық дипломат еліміздің барлық салалардағы қарқынды дамуына, сондай-ақ, ха­лықаралық аренадағы жетіс­тіктеріне аса мән бере отырып, Елбасының Қазақстан хал­қына арнаған Жолдауы, «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы туралы әңгі­мелеп, еліміздің 2014-2020 жыл­дарға арналған Сыртқы сая­сат тұжырымдамасымен таныстырды. Б.Сәрсенбаев Ливан Премьер-министріне Қазақстан тарапының VII Астана экономикалық фору­мына қатысу туралы ша­қыру хатын табыс етті. Өз кезегінде Т.Салям Қа­зақ­станның жеткен жетістіктерін жоғары бағалай отырып, перспективалы салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі ілгерілетуге мүдделілігін танытты. Сонымен қатар, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын аса көлемді, терең мағыналы, қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын және болашаққа бағытталған бағдарлама екеніне назар аударды. Ливандық саясаткер елімізде ұйымдастырылуы жос­парланып отырған ЭКСПО-2017 халықаралық көр­ме­сі­­нің тақырыбына зор қы­зығу­шы­­лық таныта отырып, ливан­дық тараптың қазақстандық көрмеге қатысуға мүдделі екенін жеткізді.