Ауа райы • 13 Сәуір, 2022

Алдағы үш күнде елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 14-16 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайдыдеп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнде елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады

«Республиканың солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикада желдің күшеюі, тұман, оңтүстікте бұрқасын, Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі», делінген Қазгидромет хабарламасында.

Алматы облысының шығысында найзағай ойнайды, солтүстік-шығыста жел  күшейеді.

Атырау облысының батысында, шығысында найзағай, шаңды дауыл болады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында – найзағай ойнап, жел тұрады.

Маңғыстау облысында – желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде – күн күркіреп, тұман түседі, күндіз облыстың шығысында жел күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында – найзағай ойнап, көктайғақ болады, найзағай кезінде желдің жылдамдыңы 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды ​​облысының батысында, оңтүстігінде – күн күркіреп, тұман түседі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел болады.

Солтүстік Қазақстан облысында – желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында – желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жел тұрады.

Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел күшейеіп, шаңды дауыл соғады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында күндіз – найзағай ойнап, жел күшейеді.

Ақтөбе облысының шығысында – тұман, күндіз облыстың батысында – жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында – жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Аяна Тоғанбек