Нәп-нәзік саусақтарымен адырнаны сықырлата тартқан Ажардың жебесі ондыққа дөп қадалды. Көрдіңдер ме дегендей, сапта тұрған балаларды көзбен шолып өтті. Садақ асынған ұл-қыздар түсінгендей бәрі бас изесті. Глубокое кентінде «Дәстүрлі садақ ату» үйірмесін ашқан Ажардың бұл шәкірттері аз уақыттың ішінде республикалық додаларда топ жарып үлгерген.

Басқа басқа, дәл осы Глубокое кентінде «Дәстүрлі садақ ату» үйірмесі жұмыс істеп тұр деп кім ойлапты?! Ажар Рахметқызына хабарласқанымызда «Мен туралы емес, шәкірттерімнің жетістіктерін көрсетейік» деген. Нағыз ұстазға тән сөз еді. Айтса, айтқандай-ақ екен. Қарағандыда өткен республикалық жарыста бес бірдей оқушысы жеңіс тұғырынан көрініпті. Атқан оғы мүлт кетпейтін Алиса Мирзанова Гран-приді иеленсе, Біржан Айтқалиев жамбы атудан 2-орынды алған. Сонымен қатар Ульяна Шалухина, Елизавета Давыдова да жамбы нысанасына тигізуден жүлделі орындарды қанжығасына байлапты. Ал Расул Бақытханов пұт нысанасы бойынша 3-орынды еншілеген. Жарыс жас ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылғандықтан, қойылған талаптар да әртүрлі еді.
– Бұған дейін үйірмеге керек-жарақты қолдан жасап отырдық. Арнайы залымыз да болмаған. Сөйтіп жүріп, Нұр-Сұлтан қаласында өткен жарысқа бардық. Сонда балалар, ата-аналар республикалық деңгейді көріп, үйірмеге жауапкершілікпен қарай бастады. Мүмкіндіктеріне қарай балаларына өздері садақ сатып алып берді. Қолдады, қолпаштады. Сөйтіп, Қарағандыдағы жарысқа дайындалып барған едік. Сенім ақталды. Бес бірдей оқушым жүлделі оралды, – дейді жаттықтырушы Ажар Төлеуханова.
Қалай дегенмен, аядай ғана ауылдан алты Алаштың басы қосылған астанаға барып, жүлделерді түгендеп қайту – оңайлықпен келген олжа емес. Оңай емес деп отырғаным, адырнаны өзім де тартып көрдім. Тартуын тартқаныңмен, нысанаға көздеп тұру үшін шыдамның шыдамы керек. Тарттың ба, жебені жібере сал. Мылтық атқандай, жайбарақат көздеп тұруға білектің күші болмаса, бекер. Оның үстіне, дәстүрлі садақ тартудың өзіндік ерекшелігі бар. Ерекшелігі де ептілікке баулиды. Яғни аттың үстінде шауып келе жатып садақ тартқан жағдайда, жебе түсіп қалмайтындай әдісті пайдаланады. Одан бөлек, нысананың түр-түрі бар. Мысалы, жамбы ату сайысында ұшқан жебе жамбыны тесіп өтуге тиіс. Жанап өтсе немесе тиіп, қайта құлап қалса, ұпайға есептелмейді.
Ал Ажар Рахметқызы дәстүрлі садақ атумен төрт жылдан бері айналысып келеді. Әуелгі мамандығы – суретші, дизайнер.
– 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Экспо ғимаратындағы этноауылда ұлттық киім сатумен айналысатын апайыма көмектесіп жүргем. Сол жерде садақ атуға арналған орын бар-тұғын. Қызықтым. Тартып көрдім. Ұнады. Жебені салғаным, адырнаны тартқаным, жебенің қадалғаны... Бәрі-бәрі әдемі көрініс. Сөйтіп жүріп, Түрік мәдени орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан үш айлық курсқа жазылдым. Әбден меңгерген соң өзіме садақ алып, аулада дайындала бастадым. Бірақ тұрмыс құрып, Шығысқа келген соң сәл уақыт қол үзіп қалдым, – дейді Ажар Төлеуханова.
Сәл уақыт қол үзгенімен, шеберлігін жоғалтқан жоқ. Алғашында балалар шығармашылық үйінде бейнелеу өнерінен үйірме ашқанымен, бүйірі садақ атуға бұрып тұрған еді. Сөйтіп, балалар шығармашылығы үйінің директоры Жанна Исмағұлқызының қолдауымен «Дәстүрлі садақ ату» үйірмесін бастап кеткен. Әлбетте, бастамас бұрын жаттықтырушы ретінде де арнайы курстан өткен. Өзі «хоббиден «профиге» өттім» деп әзілдейді. Рас, садақ атудың шебері десе, шебері екен.
– Дәстүрлі садақ ату біздің елде енді-енді қолға алына бастады. Ал Түркияда бұл спорт әлдеқайда дамыған екен. Осылай жер-жерлерде үйірмелер ашылса, ата дәстүріміздің жаңғырып, жастарымыздың тура жолдан таймауына септеседі, – деп өз ойымен бөлісті жаттықтырушы Ажар Рахметқызы.
Үйірмеде оқушылар садақ атып қана қоймайды, айтқандай қазақтың салт-дәстүрімен, садақтың түрлерімен танысады. Айта кетерлігі, жаттықтырушы садақ тартудың техникасын үйреткенімен, көздеуді, нысанаға дөп тигізуді үйрете алмайды. Ол әр баланың қарым-қабілетіне байланысты. Десек те мергендер мектебінде екі жылдай ғана жаттығып, жарыстарда қара үзіп жүрген жеткіншектердің болашақтары зор.
Тарихшы, этнограф, фольклоршы Шоқан Уәлихановтың қару-жарақтарды зерттеген еңбектерінде кездесетін садаққа қатысты бірқатар терминдер:
Саржа – сүйекпен әшекейленген садақ
Массаты – сауыт бұзатын, төрт қырлы жебемен ататын ауыр садақ
Кіріс – садақтың керме бауы, қайысы
Адырна – садақтың кермесі
Тоз – садаққа оралған орама қайыс
Қандауыз – жебе атауы
Кез – жебенің құйрығындағы ойық
Сарнама – ысқырып ұшатын жебе
Ұлын – ұшы жоқ жебе.
Шығыс Қазақстан облысы,
Глубокое ауданы
Түркістанда суға батып кеткен үндістандықтар әлі табылған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 20:01
Ақын Мұхтар Шахановтың 80 жасын тойлау Түркиядан басталды
Руханият • Бүгін, 20:01
Шымкентте ЖШС директоры 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 19:48
Түркияда маймыл шешегінің алғашқы жағдайы расталды
Әлем • Бүгін, 19:23
Қазақстанда қаңтар оқиғасы бойынша 445 адам сотталды
Қазақстан • Бүгін, 19:02
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқарма басшысы сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 18:40
ҚТЖ мен Әлия Назарбаева арасындағы келісімшарт күшін жояды
Қазақстан • Бүгін, 18:22
«Кселл» және «Мобайл Телеком-Сервиске» қатысты тергеу басталды
Оқиға • Бүгін, 18:01
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді
Коронавирус • Бүгін, 17:48
Қазақстан міндетті цифрлық таңбалауды енгізуге мораторийден бас тартты
Үкімет • Бүгін, 17:32
Елордада «ХАТ» философиялық драмасының премьерасы өтеді
Өнер • Бүгін, 17:20
Биыл елімізде 9 жаңа ұшақ сатып алынады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Елордадан бірқатар қалаға қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 16:55
Қазақстан тағы 73 жолаушылар вагонын сатып алады
Қоғам • Бүгін, 16:48
Қызыл кітапқа енген арқарды атқан браконьер ұсталды
Қоғам • Бүгін, 16:37
Мүгедек балаларға бөлінген қаржыны жымқырған шенеунік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Ақтауға туристерге арналған чартерлік рейс қатынай бастады
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Қор нарығында доллар бағасы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:01
Санкциялық тізімдегі тауарларға тұрақты мониторинг жүргізіледі
Қазақстан • Бүгін, 15:40
Ұлттық банк төлем карточкаларының жаңа жүйесін іске қосты
Қаржы • Бүгін, 15:31
Қызылордада 19 адамды алдап соққан алаяқ қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 15:20
Ел экономикасына үлес қосатын инвестор көбейді
Экономика • Бүгін, 15:11
«Сергек» жобасы 2023 жылдың соңында аяқталады
Қоғам • Бүгін, 14:57
Ақтауда қоғамдық көліктер 100 пайызға жаңарды
Аймақтар • Бүгін, 14:49
Алматыда тұрғын үйдегі лифт құлап, бір адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 14:38
Абай облысы Көкпекті ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:28
Қазақстанда заңсыз жүрген 322 шетелдік елден шығарылды
Қоғам • Бүгін, 14:20
Павлодар облысында мемлекеттік шекараны заңсыз өткен ресейлік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:08
ИИДМ-де комитет төрағасының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:28
Оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзарту ұсынылды
Білім • Бүгін, 12:50
«Оператор РОП-тың» бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды
ANTIKOR • Бүгін, 12:42
Ұлттық банк ақша-кредит саясатын күшейтуі мүмкін
Экономика • Бүгін, 12:30
Ақтауда мұнай-газ жабдықтарын өндіретін зауыт іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Қошанов: Парламенттің екінші сессиясы маңызды шешімдерге толы болды
Парламент • Бүгін, 12:10
Қазақстанда жетім балаларға қамқоршы тағайындау рәсімі жеңілдейді
Қоғам • Бүгін, 11:58
Алматыдағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысады
Аймақтар • Бүгін, 11:43
Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды
Үкімет • Бүгін, 11:38
Қазақстанда маска тағу режимі қайта енгізілуі мүмкін
Коронавирус • Бүгін, 11:25
Қазақстанның 430 әскери қызметшісі БҰҰ бітімгершілік миссиясына жіберіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:13
Алматыда «Тұздыбастау» подстанциясы салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Ұқсас жаңалықтар