Бұл тапсырма екі ай ішінде жүзеге асуы тиіс.
«Премьер-Министр Кеңсесінде құжаттарды қарау мерзімдерінің екі есеге қысқартылуын қамтамасыз етсін», делінген Президент Жарлығында.
Жарлыққа сәйкес хаттамаларды қарау құзыреті жоқ органдарға актілердің жобалары мен кеңестердің хаттамаларын жіберуге тыйым салынады. Ал мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы құжаттарға қол қою, сондай-ақ ведомствоаралық кеңестерге қатысу және онда мемлекеттік органның ұстанымын білдіру құқығын мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің жекелеген басшыларына жүктеледі.
«Үкімет отырыстары мен Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдар отырыстарының, сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасарлары мен Премьер-Министр кеңсесі басшылығының басқаруымен өткен кеңестердің хаттамаларын қатысқан мемлекеттік органдармен келісу қажеттілігін жоя отырып, оларға қол қою мерзімінің үш күнге дейін қысқартылуын қамтамасыз ете отырып, қайта қарасын», делінген Жарлықта.