«Мектеп құрылысына биыл 16,9 млрд теңге бөлінді. 6 мектептің құрылысы жүріп жатыр, 5 мектептің жобасын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жобалаудың басында 20 мектепке қолдау көрсетіп, 12 млн теңге бөлуді сұраймыз. Исатай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы мектептің құрылысын атап өткім келеді. Жер учаскесі бөлінген. Биыл жобалауды аяқтап, келесі жылы мектеп құрылысын бастағымыз келеді», деді мәслихат отырысында Арсен Жанғасканов.
Оның айтуынша, мәдениет нысандарын дамытуға 388 млн теңге бөлінген. Басқарма басшысы мәслихат депутаттарынан «Бозоқ» ұлттық паркін жобалауды аяқтауға қосымша 46 млн теңге бөлуді сұрады.
Аяна Тоғанбек