9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жергілікті жұлдыз Риота Муратаны тоғызыншы раундта ұрып жығып, IBF-пен қатар WBA Super нұсқасы бойынша чемпиондық атақты иеленгеннен кейін Геннадий Головкинмен күш сынасуға ниет білдірушілердің қатары күрт артты. Солардың арасында Эскива Фалькаоның есімі аталады. Күні кеше ғана Бразилияның өкілі өзінің инстаграмдағы парақшасы арқылы жерлесімізді жекпе-жекке шақырды.

Бразилияның шығысында орналасқан Витория қаласында тұратын Фалькаолар әулеті 17 перзентті бағып-қағып өсірді. Бірақ олардың өмірлері оңай болған жоқ. Жоқшылық пен кедейшіліктің азабын молынан тартқан отбасы мүшелерінің барлығы да күнкөрістің қамы үшін қара жұмысқа ерте жегілді. Отағасы Туро Марено Фалькаоның өзі де кезінде мықты боксшы болған көрінеді. Бос уақытында ол ұлдарын аулаға жинап, оларға жұдырықтасу өнерінің қыр-сырын үйретті.
Эскива 1989 жылдың 12 желтоқсанында дүниеге келді. Әуелі ол әуесқойлар арасында елеулі табыстарға қол жеткізіп, жергілікті жанкүйерлердің көзайымына айналды. Бозбала шағында-ақ елінің бірінші нөмірлі боксшысы атанып, құрлықтық деңгейдегі додаларда даралана бастады. 2011 жылы Фалькао Бакуде шымылдығы түрілген әлем чемпионатында 75 кило салмақта сынға түсіп, қола медальды мойнына ілді. Бастапқы бәсекелерде сенегалдық Мамаду Фалл (25:9), аустралиялық Роб Янковски (15:9), ұлыбританиялық Энтони Огого (17:12) және қазақстандық Данабек Сужановты (13:0) сан соқтырған ол жартылай финалда жапониялық Риота Муратадан (11:24) жеңілді.
2012 жылы Бразилияның беткеұстары Лондонда алауы тұтанған Олимпия ойындарына аттанды. Тұманды Альбион елінде де ол өзін жақсы қырынан көрсетті. Алғашқы айналымдарда әзербайжандық Сұлтан Мигидинов (24:11) пен мажарстандық Золтан Харчты (14:10) жолынан ығыстырса, жартылай финалда жергілікті боксшы Энтони Огогодан (19:9) айласын асырды. Финалда өзінің сыралғы қарсыласы Риота Муратамен қайта қолғап түйістірді. Аса шиеленісті өткен бәсекенің тағдырын бір ғана ұпай шешті. Есеп – 13:14. Сол жалғыз ғана ұпай Фалькаоны ғаламдық доданың бас жүлдесінен айырды.
Келесі жылы Эскива Алматыда бой көрсетті. Алатау баурайында өткен әлем чемпионатында бразилиялық боксшы шабысынан жаңылды. 1/8 финалда ол қазаққа жиен болып келетін Ресейдің танымал былғары қолғап шебері Артем Чеботаревке есе жіберіп, еліне еңсесі түсіп оралды. Ал букмекерлер бастапқыда осы жарыстың басты фавориттерінің бірі ретінде дәл осы Фалькаоның есімін атаған еді.
Алматыдағы сәтсіздіктен кейін ол қомақты қаржы табуды көздеп, кәсіпқой рингте күш сынасуға бел буды. Тұсаукесер кездесуін 2015 жылдың 15 ақпанында америкалық Джошуа Робертсонға қарсы өткізіп, оны төртінші раундта ұрып жықты. Сол кезден бері Бразилияның беткеұстары 29 рет шаршы алаңға көтеріліп, барлығында жеңіске жетті. 20 қарсыласын есінен тандырды. Эскива өз жекпе-жектерінің денін АҚШ-та өткізеді. Сондай-ақ үш мәрте өз отанында жұдырықтасып, тағы бір рет Макаода айқасты.
Эскива Фалькао Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырғаны жайында біз жоғарыда айттық. Алайда бұл ұсыныс отандасымызды қызықтыра ма, әлде жоқ па, бұл жағы бізге беймәлім. Өйткені қазіргі кезде GGG мексикалық Сауль Альвареспен айқасуды көздейді. Расында да бұл күндері қос саңлақтың трилогиясын жер-жаһанның миллиондаған жанкүйері тағатсыздана күтіп отыр. Дәл осы жекпе-жекте орта салмақтағы әлемнің ең мықты кәсіпқой боксшысы кім екені анықталады. Және де бұл бәсекенің коммерциялық тұрғыдан да берері көп. GGG мен «Канело» арасындағы кездесуді ұйымдастыру арқылы осы істің басы-қасында жүрген көптеген пысықай азаматтың байлыққа белшелерінен бататыны анық. Жеңіске жеткен боксшы ғана емес, тіпті жеңілген спортшының өзі де қыруар қаржыны қалтаға басады.
Десек те бұл жекпе-жектің қай кезде өтетінін дәл қазір ешкім дөп басып айта алмайды. Себебі әзірге қос тарап ортақ мәмілеге келетін емес. Шамасы, олар «сол жарыстан түсетін ақшаны қалай бөлісеміз?» деген мәселенің басын шеше алмай жатқан көрінді. Егер жоғарыдағы әңгіме тағы да ұзаққа созылатын болса, онда алдағы уақытта Геннадий Головкиннің Эскива Фалькаомен жұдырықтасуы да әбден мүмкін.
Тағы бір айта кетерлік дерек, Эскиваның туған ағасы Ямагучи Фалькао да талай биік белесті бағындырған белді боксшылардың бірі. Кезінде ол 81 кило салмақ дәрежесінде күш сынасып, Бразилияда ешкімді бет қаратқан жоқ. Лондон Олимпиадасының қола және Панамерика ойындарының күміс жүлдегері атанды. Кәсіпқойлар арасында 19 жекпе-жек өткізген Ямагучи тек бір рет ұтылды. 16 мәрте жеңіске жетіп, бір рет тең түсті. Ал тағы бір бәсекенің нәтижесі есепке алынбады.
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар