Футбол • 15 Сәуір, 2022

EURO 2022: Қазақстандық төрешілер іріктеу ойындарда төрелік етті

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық төрешілер Татьяна Сорокопудова (Қарағанды) мен Наргис Магау (Алматы) 19 жасқа дейінгі қыздар арасында 2022 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында төрелік етті, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

EURO 2022: Қазақстандық төрешілер іріктеу ойындарда төрелік етті

Ойындар 6-12 сәуір аралығында Солтүстік Ирландияда өтті. 

Қазақстандықтар төрелік еткен топта Әзербайжан, Мальта, Солтүстік Ирландия және Фарер аралдары құрамалары ойнады. Біздің төрешілер топтағы Солтүстік Ирландия — Мальта (1:1), Солтүстік Ирландия — Фарерские аралдары (5:0) және Әзербайжан — Солтүстік Ирландия (0:1) матчтарында қызмет атқарды.

Татьяна Сорокопудова екі кездесуде бас төреші болса, бір ойында қосалқы төреші міндетін орындады. Наргис Магау үш ойында да бас төрешінің көмекшісі болды.

Соңғы жаңалықтар

Астана қаласының прокуроры ауысты

Тағайындау • Бүгін, 11:35