Лұт Әлшекенов 1966 жылы Астрахан облысы Краснояр ауданы Қараөзек ауылында дүниеге келген.
Білімі:
1987 жылы - Сумы жоғары артиллериялық командалық мектебі;
1998 жылы - Михайловский артиллерия академиясы;
2010 жылы - Беларусь Республикасы Әскери академиясының Бас штабының факультеті.
Еңбек жолы:
Лұт Әлшекенов өзінің әскери қызметін Германиядағы Кеңес әскерлері тобында бастады, онда артиллериялық взвод командирінен артиллериялық батарея командиріне дейінгі лауазымдардан өтті.
Одан әрі Семейде түрлі командалық лауазымдарда, оның ішінде бригада командирі лауазымында, Тараз және Атырау қалаларында – өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының отпен зақымдау жөніндегі орынбасары, Нұр-Сұлтанда Зымыран әскерлері мен артиллерия қолбасшысы – Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының отпен зақымдау жөніндегі орынбасары және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы университет бастығының орынбасары, Құрлық әскерлері штаб бастығы лауазымдарында әскери қызмет атқарды.
2020 жылғы наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығы болып жұмыс істеді.
Ол, сондай-ақ II дәрежелі «Даңқ» орденімен, мерейтойлық медальдармен және мінсіз қызметі үшін медальдармен марапатталған.