Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Е. Рыбакина дүниежүзілік рейтингте 232-орында тұрған Лаура Зигемундпен сынға түсті.
Е. Рыбакина 22 жаста болса, германиялық теннисші 34-те. Осыған дейін қарсыластар үш мәрте кездесіп, соның екеуінде қазақстандық теннисші жеңген еді.
Бұл жолы Е. Рыбакина бірінші партияда Л. Зигемундқа бірде-бір гейм бермей, 22 минутта 6:0 есебімен тізе бүктірді.
Екінші сетті германиялық спортшы брейкпен бастағанымен, Елена таразы басын сол бойда теңестіріп қана қоймай, есепті 5:1-ге жеткізді.
Осылайша есеп 2:0 болды. Қазақстан алда келе жатыр. Қазақстан – Германия матчы ертең жалғасады. Қазақстандықтарға қалған кездесулерде бір ұпай алса, жетіп жатыр. Өз тарихында алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады.