Ақтаудағы битум зауытының алғашқы өнімі республикалық маңызы бар Шетпе – Бейнеу тас жолының құрылысына жеткізілді
Дайын өнімнің сапасы мен жөнелтімі, оны ішкі нарыққа жеткізу, тұтынушылар мен битум нарығындағы барлық қатысушылардың тілек-ұсыныстары бірден екі – Мұнай және газ, Көлік және коммуникация министрліктері өкілдерінің қатысуымен Ақтау қаласында өткен жиналыста талқыланды. Ақтау битум зауытына Маңғыстау, Павлодар, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан тұтынушылар келді. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылған Битум зауытын былтырғы жылдың желтоқсан айында телекөпір арқылы Елбасының өзі қосқан болатын. Мұнай және газ вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, елімізде теңдесі жоқ кəсіпорын жол құрылысы алдынан жаңа көкжиектер ашады. Оның жоғары сапалы өнімдері Қазақстан ғана емес, шетелдерге де экспортқа шығарылатын болады. Зауыт жыл сайын 400 мың тоннадай жол битумдарын, сондай-ақ, 255 мың тонна бензин-дизель фракциясы мен 259 мың тонна вакуумдық газойль шығарады, – деп мәлімдеді М.Мырзағалиев. Технологиялық жүйелер жөнделуден өткеннен кейін көзделген сапа көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Өнім сапасы битум маркалары бойынша Қазақстанның стандарттық талаптарына сай келеді, дейді «KPI» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Серік Байсексенов. Битум шығарудың әрбір сатысында барлық мұнай өнімдерінің түрлері бойынша сынаулар өткізілген болатын. Оның сапасын Қазақстан бойынша бірнеше зертханалар дәлелдеді, олардың ішінде тәуелсіз сапа зерттеу орталықтарының бірқатары бар. Қазақстан бұрын негізінде шикізаттық бағыттарға басымдылық берген. Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде мұнай өндеудегі тұңғыш зауыт Ақтау қаласында салынды. Бұл зауытта ауыр жоғары парафинді мұнайды өңдеуге барлық мүмкіндіктер бар. Ол мұнайдың осы бір түрі – битум шығару үшін салынған. Осындай зауыттың құрылысы Кеңес Одағы кезінде жоспарланған болатын. Алайда, бұл жоба тек былтырғы жылы ғана іске асырылды. Жаңа өндіріс пластикалық масса зауытының орнында тұрғызылды. Ол зауыт бұрынғы қалпына келтірілмесе де, оның дайын инфрақұрылымын пайдалану мүмкіншілігі болды. Бүгінгі таңда Ақтаудағы битум зауыты өнімнің бірінші партиясын шығара бастады. Жоба бойынша битумды теміржол цистерналарына құю қарастырылмаған. Битум биг-бэг деп аталатын сыйымды қаптарға бөлшектенетін болады. Бұл өзіндік ноу-хау болып табылады. Әзірше, бірде-бір зауыт битумды қаппен тасымалдамайды. Бұның артықшылығы – сақталу мерзімінде, битум қанша керек болса, сонша сақталады. Бүгінгі таңда шамамен 4,5 мың тонна битум биг-бэг деп аталатын сыйымды қаптарға сығымдалған. Дайын өнімді сатуды жол құйылмалы эстакададан бастадық, қазіргі таңда 450 тонна тиеп қойылды. Отыз мың тонна алынған мұнайдан зауыт 7, 5 мың тонна битум алды. Бұл жобалық көрсеткішке сәйкес келеді. Ал зауыттың жобалық қуаты – миллион тонна мұнайды өңдеу. Жыл соңында зауыт шикізаттың осыншама көлемін өңдеп шығаратынына уәде береді. Бұрын Қазақстан нарығының 60 пайызын Ресей битумы құрайтын. Алайда, қазіргі таңда Ресейде құрылыстың артуына байланысты ол экспортқа шықпайды. Сондықтан, жаңа зауыттардың пайда болуы орынды және осы 3 қазақстандық «битум гиганттары» республиканың қажеттіліктерін болашақта толық жаппақ. Мереке АЛМАСОВ.«AMANAT»-та «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды
Руханият • Кеше
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Аймақтар • Кеше
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Руханият • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент • Кеше