09 Сәуір, 2014

Ақпараттар ағыны

224 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
● «ҚазАгро» көктемгі және күзгі дала жұмыстары үшін 61,6 млрд. теңге бөледі. Соның ішінде қаржыландырудың негізгі бөлігі болып табылатын бюджеттік несие 40 млрд. теңгені құрайды. Ведомство сондай-ақ алғашқы рет көктемгі егіс жұмыстарын екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырып,  бұл мақсатқа 20 млрд.теңге қарастырады. ● «Бизнестің жол картасы-2020» бағ­дар­ламасы бойынша көмек қаржы алатын ком­паниялардың саны 3600-ге жетті. Бұл ту­ра­­лы кеше Алматыда өткен баспасөз мәсли­хатын­да «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бас­қар­масының төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. Оның айтуынша, бағдарламада өндіруші және өңдеуші компанияларға басымдық беріледі. ● Қостанай өңірінде биыл 12 инвес­ти­ция­­лық жоба іске асырылады. Облыстық кәсіп­керлік және индустриялық инновациялық даму бас­қармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбе­нованың мәліметінше, бүгінде 80 жо­баның 69-ы іске қосылған.  Соның нәти­жесінде сомасы 100 млрд.  теңгелік 4 мыңнан астам жұ­мыс орны ашыл­ған. ● Шығыс Қазақстан облысында ауадан қуат алатын қондырғы өмірге келді. Оны ой­лап тап­қан жергілікті өнертапқыш Михаил Бул­даков «Шағын ЭКСПО-2014» көрмесіне осы жо­ба­­­ны ұсынып, мамандардың жоғары бағасын алды. ● Шымкентте «Театр көктемі-2014» об­лыс­тық кәсіби театр фестивалі мәреге жетті. Оған облыстағы 8 кәсіби театр қатысып, 8 номинация бойынша жарысқа түсті. Қорытындыда облыстық әзіл-сықақ және сатира, облыстық опера және балет театрларының ұжымдары бас бәйгелерге қол жеткізді. ● Қызылорда облысы Сырдария ауданында 402 су нысаны коммуналдық мен­шік­ке қай­­та өткізілді. Аудандық прокуратура қыз­мет­­кер­­лерінің бастамасымен жүргізілген бұл шара жарамды және қайта жаңғыртуға жататын қон­дыр­ғыларды ауыл шаруашылығының мүд­десі үшін тиімді пайдалану мақсатында жасалып отыр. ● Ақтауда 200 жас отбасы жаңа пәтерлердің кілттеріне ие болды. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген бұл үйлердің кілтін табыс еткен Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев алдағы уақытта аталмыш жоба негізінде салынатын жайлар санының күрт артатынын айтты. ● Қазақстанда «Скат» әуе компаниясының жұмысын тексеру басталды. Бұл жұмыстарды қолға алған Көлік және коммуникация министр­лігінің азаматтық авиация комитеті соңғы уа­қыт­та жиілеп кеткен төтенше жағдайлардың себеп­терін анықтайды. Еске сала кетсек, 7 сәуірде авиа­компанияның Шымкенттен ұшып келген «Боинг-737» ұшағы Астана әуежайына апаттық жағ­дайда қонған еді. 24KZ, BNews.kz, Nur.kz, Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.