Қоғам • 18 Сәуір, 2022

Қазақстанда бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір апта ішінде елімізде 3107 қылмыс жасалды, ол қылмыстың 1955-і бір тәулік ішінде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ сілтеме жасап.

Қазақстанда бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді

«Бір апта ішінде елімізде 3107 қылмыс жасалды, оның 1955-і бір тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 4 қарақшылық, 37 тонау, 539 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», деп хабарлады Шұғыла Тұрлыбек.

Сонымен қатар ҚР ІІМ өкілі Қазақстан полициясында талдау орталығын құру туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«ІІМ Ахуалдық орталығының жұмыс істеуі аясында қылмыстың алдын алуға және ең осал бағыттар бойынша нақты профилактика жүргізуге мүмкіндік беретін аналитика қарастырылады. Big Data құралдарын пайдалана отырып, құқық бұзушылықтарды талдау және олардың алдын алу жөніндегі ақпараттық жүйе криминогендік ахуалдың күнделікті мониторингін жүзеге асыруға, оны талдауға және ең бастысы - барлық процестерді жедел әрі тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Ақпаратты жинау және өңдеу автоматтандырылады, артық бюрократизм жойылады, әкімшілік және сотқа дейінгі өндіріс оңтайландырылады», деді ол.

Аяна Тоғанбек