Әлем • 18 Сәуір, 2022

Сovid-19: Шанхайда өлім жағдайы қайта тіркеле бастады

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз айында Шанхай билігі коронавирустан қайтыс болғандар жайлы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сovid-19: Шанхайда өлім жағдайы қайта тіркеле бастады

Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы Шанхайда коронавирустан үш адамның қайтыс болғаны туралы хабарлады. Қалалық денсаулық сақтау комиссиясының мәлімдемесінде қайтыс болғандар 89 жастан 91 жасқа дейінгі «денсаулығына байланысты проблемалары бар» қарт адамдар болған.

Денсаулық сақтау органдары сонымен бірге Сovid-19 жаңа асимптоматикалық жағдайының анықталғанын хабарлады. 

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері Қытайда вирустан жалпы 4641 адам көз жұмды.

Аяна Тоғанбек