Аймақтар • 18 Сәуір, 2022

Қарағандыда 2 жасар бала терезеден құлап кетті

651 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда көпқабатты үйдің бесінші қабатынан екі жасар қыз құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда 2 жасар бала терезеден құлап кетті

«Оқиға Гоголь көшесінде болды. 2019 жылы туған қыз бес қабатты үйдің терезесінен абайсызда құлап ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің берген ақпараты бойынша, кішкентай қыздың аяқ-қол сүйектері сынған. Жағдайы өте ауыр.

Сонымен қатар Қарағанды облысының ТЖД ата-аналарды балаларға мұқият болуға және оларды ашық терезелерде қараусыз қалдырмауға шақырады.

«Құлау жағдайларының көпшілігі ата-аналар балаларын қараусыз қалдырған кезде болады. Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Мүмкіндігінше, терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз. Желдету кезінде баланың бақылауында екеніне көз жеткізіңіз. Балалардың балконға ересектердің қарауынсыз шығуына жол бермеңіз», делінген хабарламада.

Аяна Тоғанбек