Аймақтар • 19 Сәуір, 2022

Биыл Семейде 5 мыңға жуық пәтер салынады

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Семейде 4 967 пәтерлік 449,3 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Олардың жалпы құны 57,8 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Сұңғат Аманбеков мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Семейде 5 мыңға жуық пәтер салынады

Бөлім басшысының айтуынша, 75 көппәтерлі үй, 38 несие, екі сатып алу құқығынсыз жалға беру және 35 коммерциялық үй салынады. Жеке инвесторлар мен тұрғындар есебінен жеке тұрғын үй құрылысы жоспарланған. Құрылыс басқармасы Қарағайлы шағын ауданына 1200 орындық және Водный кентіне 600 орындық мектеп салудың екі жобасын әзірлейді.

«Сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік желісі бойынша балабақшалар құрылысына үш жоба әзірленуде. Қарағайлы қаласында 320 орындық балабақша салу жоспарланған. Инвесторы «Сәт Транс» ЖШС. 

Восход кентінде 140 орындық балабақша салу жоспарда бар. Инвестор - «Фирма Азия» ЖШС. Жобаның алдын ала құны 800 млн теңге. Сонымен қатар Бобровка ауылында 320 орындық балабақша салынады. Инвестор-ЖК «Салқынбаева А.М.». Жобаның алдын ала құны 1 270 млн теңге»,  деді Сұңғат Аманбеков.

Аяна Тоғанбек