Аймақтар • 20 Сәуір, 2022

Әр азаматтың өмірінде жаңа белес басталады

194 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының Sarap сараптамалық клубы мен «Политолог» студенттік дискуссиялық клубы «Саяси реформалар: тәуекелдер мен перспективалар» тақырыбында бірлескен отырыс өткізді.

Әр азаматтың өмірінде жаңа белес басталады

Сарапшылар Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауында айтылған саяси реформаларға орай пікірлерін білдіріп, студент жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, реформалардың жүзеге асуы, ықтимал тәуекелдер барысына талдау жасады.

Іс-шараны жүргізген «Қазақ­стандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма төрағасы Қазбек Майгелдинов саяси рефор­малардың жаңа бағдарламасы рес­публика өмірінің барлық саласына серпін беретін маңызды қадам екенін атап өтті.

Өз кезегінде Әл-Фараби атын­да­ғы ҚазҰУ Философия және сая­­­сат­­тану факультетінің дека­ны Бек­жан Мейірбаев сайлау жү­йе­­сіндегі өзгерістер, аза­ма­т­тар­­дың сайлауға қатысу мүм­кіндігі тұр­ғы­сында ой бөліссе, «Альтер­натива» заманауи зерттеулер орта­лы­ғының директоры, саясат­тану­шы Андрей Чеботарёв Қазақ­стан­ның саяси өміріндегі маңызды оқиға конституциялық рефор­ма екен­дігіне тоқталып, Мем­ле­кет басшысының елдегі са­яси жүйе­ні реформалаудағы басым­дық­тары жайында айтып өтті. Жария­ланған саяси рефор­ма­лар­дың мазмұны мен сипаты, оның ішін­де суперпрезиденттік бас­қару мо­делінен шығуды ескеру, елі­міздің негізгі заңына түзетулер әр­бір қазақ­стандықтың өміріне елеу­лі өзгерістер әкелетініне сенім білдір­ген сарапшы конституциялық рефор­маны референдум арқылы жүзеге асыру елімізде ғана емес, шет елдердегі және халықаралық ұйымдар тарапынан да қолдау табатыны сөзсіз екенін атап өтті.

Еліміздің даму келешегіне қатысты маңызды мәселелерге тоқталған  саясаттанушы Дина Ай­­кенованың айтуынша, бұл ба­ғыт­та саясат, одан кейін экономика са­ла­сына мән беріледі. Яғни саяси жү­йе­нің трансформациясы ең алды­мен, сая­си мінез-құлық нормаларын, құн­дылықтарды өзгертуге бастайды.

Президент жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы, саясаттанушы Әділ Каукенов Президент Жолдауында саяси жүйені жүзеге асыруға же­телейтін реформалардың маңыз­ды бағыттарына тоқталды. Жолдауда көтерілген басымдықтар, әсіресе жергілікті биліктің күшеюіне, осы кезге дейін назардан тыс қа­лып кел­ген маңызды елді мекен­дерді да­мытуға ықпал етеді. Саясат­тану­шының айтуынша, елде қолға алынатын барлық бастама ендігі кезекте қаңтар қасіретін қайталамауға сабақ болуға тиіс.

Жиынға қатысушылар еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалдың өзекті мәселелеріне орай пікір бөлісіп, қалыптасқан жағдайға сараптама жасады. Жолдауда көтерілген ба­сым­дықтар әр азаматтың өмірі­не өзгеріс әкелуі тиіс. Ал Жол­дауда көз­делген өзгерістер қазақстан­дық­тардың жарқын келешекке деген талпынысымен тығыз байланысты.

 

АЛМАТЫ