Сомали мемлекетінің Галькайо қаласындағы әуежайда БҰҰ-ның есірткі мен қылмыс жөніндегі басқармасының екі қызметкері оққа ұшты. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Жергілікті құқық қорғау органдарының ақпары бойынша, халықаралық ұйым қызметкерлері ұшақтан түсіп бара жатқанда, полицейдің киімін киген белгісіз біреу оларға оқ жаудырған. Қызметкердің бірі әуежайда қаза болса, екіншісі ауруханаға жетіп көз жұмды.
БҰҰ-ның Сомалидегі арнайы өкілі Николас Кей жергілікті биліктен орын алған қылмыс бойынша тыңғылықты зерттеу жүргізулерін талап етті.
БҰҰ қызметкерлері Сомалиға жергілікті билікпен кездесу үшін келген. Олар елдегі банк жүйесін алмастыратын ақша аударымының бейресми жүйесі жөнінде әңгімелесуі тиіс болатын.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Lenta.ru.
Фото: Segodnya.ua.

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше